Abstract

Мақалада елімізде заңдардың ресми орыс тілінде әзірленіп, қабылдануынан кейін мәтінін мемлекеттік тілге аударудың салдары туралы мәселелер талқыланған. Авторлар мемлекеттің егемендігіне тұрақтылық беретін қасиеттің бірі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өте маңызды екеніне көз жеткізген. Орыс тілінен қазақ тіліне аударылған заңның мәтініндегі дұрыс емес әрі түсініксіз аударылған баптарды құқыққолдану тәжірибесінде қолдануда қиындықтар кездесетіні мәлім. Сонымен қатар ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), ҚР Кәсіпкерлік кодексі, ҚР «Қайырымдылық туралы» Заңының орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндеріндегі теңтүпнұсқалық қағидасына сәйкес келмейтін кейбір қате аудармаларды айқындап, олардың дұрыс аудармалары ұсынылған. Қате аудармалардың орын алу себебі заң шығару процесінде заңдық техника талаптарының, соның ішінде, заңдық лингвистика бойынша заңдық терминологияларды аударуда бірізділіктің сақталмауынан деген қорытынды жасалған. Мақала авторлары заңдардың қазақ тіліндегі мәтіндерінен анықталған қате аудармаларға талдау жүргізе отырып, мемлекеттік тілімізді заңның тіліне айналдырудың құқықтық тетіктерін ұсынған. Қорытындыда осындай құқықтық реттеу тетігін орнату жолымен ғана мемлекеттік тілді заңның тілі ретінде қалыптастыру мәселесін шешу қажеттігі негізделген.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call