Abstract

Мақалада Қарағанды облысының Теміртау қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайы және атмосфераның ластану индексінің (АЛИ) динамикасы қарастырылған. АЛИ қаладағы негізгі 5 ластаушы заттар бойынша, яғни олардың ішінде: қалқыма бөлшектер, азот диоксиді, көміртек оксиді, фенол және аммиак заттарының концентрациялары арқылы есептелген. Автор Теміртау қаласының ауа алабының ластануының синоптикалық жағдайларын, яғни циклон және антициклон, жыра және жота сияқты барикалық құрылымдардың қала ауасындағы зиянды заттардың шекті мүмкіндік концентрацияларын, сақталу мерзіміне әсерін қарастырған. Сонымен қатар ауа алабының ластануына қолайлы метеорологиялық шамалар, әсіресе, ластаушы заттардың тасымалдануына себепші жел сияқты шаманың ластану мәселесіне әсері және ластануда трансшекаралық тасымалдауды ескеру мақсатымен оның берілген мерзім бойынша қаладағы бағытының қайталанушылығының диаграммасы ұсынылған. Мақала материалдарында арнайы берілген мерзім бойынша барикалық топография карталары, синоптикалық жер карталары пайдаланылып, оларға талдау жасалған. Мақалада карталардың талдауы бойынша арнайы мерзімдегі қала бойынша зиянды заттардың концентрацияларының үлкен мөлшерде жиналуына қолайлы синоптикалық жағдайлардың орын алу мәселесі және шарттары сипатталған. Зерттелген сұрақтар біздің еліміздің экологиясына, әсіресе Теміртау қаласы сияқты үлкен өндірістік кешені бар қалалардың экологиялық жүйесіне, оның ішінде атмосфералық ауаның сапалық жағдайына көз салатын, өткір жаһандық мәселелеріне назар аударатын жаратылыстану саласындағы мамандарға, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлеріне қызығушылық танытады.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.