Abstract

Мақала жер мен су атауларындағы ұлттық мəдени ақпараттың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Авторлар ғасырлар бойы қалыптасқан жəне лингвомəдени сипаты бар географиялық атауларда көрініс тапқан ұлттық дүниетанымның өзгешелігін жəне қазақ этносының өмірлік дағдыларының, тыныстіршілігінің куəсі болып табылатын жер мен су атауларының өзіндік ерекшелігін қарастырған. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан дəстүрлі қазақ мəдениетінің ошағы болыптабылатын көшпелі мал шаруашылығының тек географиялық ортамен тығыз байланысты болу мүмкіндігі тұжырымдалған. Сондай-ақ, шаруашылықтың бұл түрінің өзіндік физика-географиялық, табиғи ерекшелігі бар белгілі геоэкологиялық зоналарда ғана болатындығы дəлелденген. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтың өзі мекен еткен, тіршілік құрған географиялық ортаға бейімделу, сол ортаның табиғи ресурстарын пайдалана білу қабілеттері көрсетілген жəне жер-суатауларында сол жерлердің айрықша белгілері жайында сақталған ұлттық дүниетанымдық ақпараттың молдығы айқындалған.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call