Abstract
Мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына байланысты адам іс-әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы қазіргі уақытта өзекті болып саналады. Мұнай өнеркәсіп орындарындағы қоршаған ортаны ластаушы компоненттер қатарына көмірсутектер, меркаптандар және күкіртсутегі жатады. Аталған сипаттағы уытты қалдықтармен ауаны ластау адам денсаулығына нақты қауіп төндіреді. Бензин, мазут, ацетон, бензол секілді органикалық еріткіштердің қолданылуы салдарынан түзілген газдармен аймақтың ластануын ерекше айтуға болады. Гигиеналық тұрғыдан күкіртсутектің атмосфералық химиясы үлкен қызығушылық тудырады. Атмосфералық ауаға түскенде, бұл газ оттегі мен озонмен әрекеттесіп, күкірт газын құрайды. Бұл газ сумен біріктірілсе күкірт қышқылын түзеді, үнемі тотығады, күкірт қышқылына айналады. Ауада күкіртсутектің тотығуы кезінде күкірт газы, суда тотығу кезінде қарапайым күкірт түзіледі. Мұнай тасымалданатын мекемелердің жұмыскерлеріне де мұнай қалдықтарынан тікелей төнетін қауіп жоғары. Демек, өндіріс орындарының жанында тұратын халықта қатердің жоғарғы деңгейінде тұр. Тұрғылықты халықтарға таралған зиянды көрсеткіштер бірден әсерін тигізбесе де, созылмалы улану нәтижесінде ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, аталған уытты заттар аз мөлшерде алайда ұзақ мерзімде әсер етуінен адамның жүйке, жүрек, иммундық, асқазан-ішек және басқа да дене жүйелері жұмысының бұзылуына әкеледі. Барлық ұшпа органикалық еріткіштер адам ағзасына өкпесі, терісі, ас қорыту мүшелері арқылы еніп, жүйке және май тініндерінде жинақталады. Химиялық құрылысына сәйкес уыттылық, ағзадағы таралу коэффициенті әртүрлі болады.
Published Version (Free)
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have