Abstract

«Орта Азия кеңістігіндегі ислам факторының рөлі» атты ғылыми мақала исламның бұл аймақтың қазіргі әлеуметтік-мәдени және саяси динамикасына ықпалын зерттеу болып табылады. Жұмыста ислам ықпалының әртүрлі аспектілері, оның ішінде саяси құрылымдардағы, оқу орындарындағы мәні, қоғамдық стандарттар мен сыртқы саясаттың қалыптасуы қарастырылған. Исламның Орталық Азия елдеріне ықпалының нақты тәжірибелік мысалдарына талдау жасалып, оның аймақтық дамудың дәстүрлі және заманауи аспектілерінің бірегей үйлесімін қалыптастырудағы шешуші рөлі көрсетілген. Зерттеу Орталық Азияның заманауи келбетін қалыптастырудағы исламның маңыздылығына шолу жасайды және оның әсер ету жолдарын көрсетеді. Жұмыс аясында исламның аймақтық әкімшілік контекстегі рөлін түсінуге қосымша тереңдік қосатын әкімшілік ислам институттарына да талдау жасалды. Сонымен қатар, Орта Азиядағы ислам ағымдарының радикалдану мәселесі бойынша зерттеу жүзеге асырылды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call