Abstract
Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланатын салалардың саныжыл сайын артып келеді. Жердегі бақылау әдістеріне қарағанда, Жерді қашықтықтанзондтау деректерін пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие. Фотограмметрия, Жердіқашықтықтан зондтаудың бір бағыты бола тұра, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін дұрыс интерпретациялау және талдауда маңызды мағынаға ие. Аталған мақалада көрсетілген жұмыс, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің, ғарыш қызметі саласындағықолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы бойынша,No BR 0533648 ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Мақалада отандық KazEOSat - 1 ғарыш аппараттарының түсірілімдерін қолданаотырып, фотограмметриялық өңдеу өнімдерін құрудың негізгі кезеңдері – жер бедерініңцифрлық моделі, ортотрансформациялау және мозаика қарастырылған. Әртүрлі уақытта алынған түсірілімдерден жер бедерінің цифрлық моделін құрастыру мүмкіндігі тексерілді. Жер бедері – негізгі топырақ түзуші факторлардың бірі болғандықтан, туындывегетациялық индекстердің мәндері мен құрастырылған жер бедерінің цифрлы моделіненалынған жер бедерінің биіктік мәндері секілді айнымалы шамалар арасындағы кемімелдік талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы топырақты талдау көздерінің бірі ретінде ажыратымдылығы жоғары кескіндерден салынған жер бедерінің цифрлы моделініңтиімділігін және қажеттілігін көрсетті.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
More From: BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Chemistry. Geography. Ecology Series
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.