Abstract

Әбу Насыр  Мүбашшир ат-Тарази (1896 - 1977) Кеңес үкіметінің Әулиеатада (қазіргі Тараз) дінге қарсы күресіне қарсы тұрды, 1930 жылы  қуғын-сүргіннен аман қалу үшін  амалсыз шет елге қоныс аударады. Ауғаныстанда, Мысырда эмиграттардың Түркістан азаттығы жолындағы қозғалысының жетекшісіне айналды. Ол  дін оқымыстысы,   саяси қайраткер, түрік, араб және парсы тілдерінде еркін жазған қаламы жүйрік көсемсөзші-қаламгер, жалынды ақын  болды. Тәуелсіздік жолында жан аямай күресіп өткен  осы бір аса көрнекті тұлғаның  өмір жолы, көзқарасы, еңбектері  елімізде  әлі де  беймәлім, ескерусіз күйде қалуда. Мақаланың міндеті -  ғұламаның ХХ ғасырдың 50 жылдары Мысырдағы  атқарған белсенді саяси-діни күрескерлігі мен қоғамдық жұмыстарын мысалдармен дәйектеп көрсету. Мақаланы жазу барысында ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағат қорына өткізілген оқымыстының жеке қорындағы   материалдар басшылыққа алынды. Ат-Таразидің саяси-идеалық көзқарасы, ұстанымы,  көтерген мәселелері,  түрлі жұмыстары сол кездегі геосаяси    жағдаймен, үдерістермен  байланыста  тарихи  және   жүйелеу әдіс-тәсілдері қолданыла сараланады. Мақаланың құндылығы - Әбу Насыр  Мүбашшир ат-Таразидің саяси-діни қайраткерлігі  нақтылы мол мәлімет, тың мағлұматтар негізінде   сарапқа салынып, зерделенуінде. Мақала  нәтижелерінің практикалық маңыздылығы сонда   келтірілген сонғы деректер  Қазақстан  егемендігі үшін  күрестегі   мұсылманшылық  қозғалыс өкілдері  мен эмигрант қайраткерлердің орнын,  діни тұлғаларының саяси көзқарастарын, еліміздегі ислами инситуттардың даму жолдарын   зерттеуге септеспек.                                                                                                                     &nbsp

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.