Abstract
Бұл жұмыста платина (IV) иондарын аналитикалық анықтау әдістеріне және оларды бөліп алуда қолданылатын экстрагенттерге жүйелі әдеби шолу жүргізілді.
 Әдеби шолуда қазіргі уақытта қолданылатын химилық, физикалық, физика-химиялық әдістер қарастырылды. Оның ішінде айтарлықтай селективті және сезімтал болып табылатын спектроскопиялық әдістерге үлкен назар аударылды.
 Көп компонентті нысандардан платинаны алу және оны анықтауда қолданылатын реагенттер мен экстрагенттердің бірнеше тобы қарастырылды.
 Солардың ішінде фосфорорганикалық (үшбутилфосфат, ди-2-этилгексилфосфор қышқылы), жоғарымолекулалы алифатты спирттер, дифенилтиомочевина, жоғары күкіртті мұнайлардан бөлінген жоғарымолекулалық органикалық сульфидтер, оттекті, күкіртті қышқылдар және екіншілік ( А), үшіншілік( NНA) аминдер, диаминдер және төртіншілік аммонийлы негіздердің ( NA) негізіндегі бинарлы экстрагенттерді атап өтуге болады.
 Қолданылатын экстрагенттердің барлығына (хлороформ, диэтил эфирі, төртхлорлы көміртек, т.б.) тән жалпы кемшілік – олардың судағы ерігіштігінің айтарлықтай жоғары болуы, улылығы, өртқауіптілігі.
 Сондықтан, органикалық реагенттердің тиімділігін сұйық органикалық еріткіштердің кемшіліктерін жоятын экстрагенттермен ұштастыру түбегейлі маңызды. Мұндай реагенттер ретінде суда мүлде ерімейтін, улы емес, өрткеқауіпсіз, экстракциялық сыйымдылығы жоғары, селективті, заттардың аз мөлшерлеріне сезімтал болып келетін жеңіл балқитын органикалық заттар қолданылуы мүмкін.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
More From: BULLETIN of the L.N. Gumilyov Eurasian National University. Chemistry. Geography. Ecology Series
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.