Abstract

Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы қуаң аймақтарда суармалы жерлерді тиімді пайдалану мәселесі қазіргі таңда басты маңызға ие, өйткені елде өсірілетін барлық ауылшаруашылық дақылдарының басым бөлігі осы аймақта шоғырланған, ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы 170 мың гектардан(қолданыстағы) асады, ал халық саны соңғы санақ бойынша 800 мыңнан жоғары. Қызылорда облысы Қазақстандағы күріш дақылын егуді кәсіп еткен бірден-бір өлке. Қазіргі таңда 75 мың га жуық алқапта күріш егісі қалыптасқан. Аймақта суғармалы егістіктің 33-35% немесе 65 мың га жуық жерлер өте қатты тұзданып істен шыққан. Бұл жерлердің тұздылығы орта есеппен 4,562%(құрғақ топырақ салмағынан) және жыл сайын бұл көрсеткіш көтеріліп келеді. Соның салдарынан аймақ айтарлықтай өнім ала алмай отыр. Ю.И.Ионис және басқа да ғалымдардың айтуы бойынша «құрғақ аймақтардың экологиялық мәні – «экстремалды факторлардың патшасы», яғни олардың көпшілігі, соның ішінде тұздылық процесі – реттеуге келмейді» деп есептейді. Мұндай жағдайларда өнімді фитомелиоранттарды дайындаудың негізгі әдісі тұздануға және басқа да төтенше жағдайларға төзімді дақылдар мен сорттарды іріктеу, сондай-ақ оларды сол қоршаған ортаның нақты жағдайларына бейімдеу деп санайды. Сондықтан мақалада осы аталған мәселелерді шешу үшін тұзданған топырақтарда мал азықтық дақылдардың бейімделу әлеуеті, оларды топырақ тереңдігі бойынша өңдеу әдістері, мал азықтық дақылдарының тұздану дәрежесі бойынша төзімділігі, мал азықтықтық дақылдарын еккеннен кейінгі топырақ құнарлылығы, топырақтың көлемдік массасының көрсеткіштері, сонымен қатар, аталған топырақ тереңдігі бойынша өңдеу әдістерінен кейінгі дақылдардың өнімділігі және т.б. көрсеткіштері келтірілген

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call