Abstract

Ауғанстандағы соңғы оқиғалардан кейін Орталық Азия елдері де басқа елдер сияқты  сыртқы саясатын өзгертуге мәжбүр болды. Ауғанстандағы тәліптердің билікті басып алуы аймақтағы қазіргі жағдайға әсер етпей қоймады. Бір жағынан Орталық Азия аймағында бірқатар жергілікті проблемалар болса, екінші жағынан ықпалды ойыншылар үшін күрес алаңы болып табылады. Қытай аймақтағы ықпалын барлық салада арттыруды көздесе, Ресей аймақтағы әлсіреген ықпалын қалпына келтіру үшін аймақтағы жаңа геосаяси ойындарды пайдаланбақ. Осыған байланысты Орталық Азия елдері Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы сияқты өздеріне көршілес елдермен аймақтағы өзара қарым-қатынастар үшін жаңа бірлескен жауапкершілікті анықтауы қажет. Мақаланың негізгі мақсаты – Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы діни қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың қиындықтары мен ортақ мүдделерін анықтау және одан әрі дамытудың өзара тиімді тұжырымдамаларын белгілеу. Қытай Халық Республикасы үшін Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау өте маңызды. Аймақтағы тұрақтылықты сақтау тек экономикалық мүдде тұрғысынан ғана емес, мемлекеттің ішкі тыныштығын бұзбау үшін де қажет. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылман халықтарының болуы, оның ішінде орталық билікке қарсы оппозияцияның болуы, оның ықпал ету аймағына тым жақын Ауғанстан Ислам мемлекетінің құрылуы, сонымен қатар олардың тарихи, этникалық және ең бастысы, діни бірлігі Қытай үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қытай басшылары Орталық Азия аймағын діни экстремизм мен радикалды ағымдардың өз аумағына енуіне жол бермеу үшін қалқан «буфер» ретінде пайдаланбақ. Бұл екіжақты қарым-қатынаста да, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы көпжақты қарым-қатынаста да діни қауіпсіздік саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.