Abstract

Бұл мақалада детонациялық бүрку әдісімен 12Х1МФ ыстыққа төзімді қазандық болатының бетіне алынған Ni-Cr-Al негізіндегі біртекті және градиентті жабындарының жоғары температуралық тотығу қасиеттері зерттелді. Ni-Cr-Al негізіндегі біртекті және градиентті жабындарының жоғары температуралық тотығуға төзімділігін бағалау үшін 1000 0C температура да циклдік сынақтар жүргізілді. Жоғары температуралық тотығу қабілетін бағалау әр циклден кейін үлгілер массасының өсуін өлшеу арқылы жүргізілді. Сонымен қатар жабындардың жоғары температуралық тотығуға дейінгі кеуектілігі өлшеніп, тотығудан кейін рентген құрылымдық фазалық талдау (XRD) жүргізілді. Визуалдық талдау нәтижелері бойынша Ni-Cr-Al біртекті және градиентті жабындары бар үлгілердің беті жабынсыз 12Х1МФ қазандық болаты үлгісімен салыстырғанда зақымдалмағанын көрсетті. Жабынсыз 12Х1МФ болаты үшін тотығу және массаның ұлғаю процесі үздіксіз жүреді, салмақтың өсуі барлық сыналған үлгілердің ішіндегі ең жоғарысы болып табылады Рентген фазалық талдауы нәтижесінде циклдік жоғары температуралық тотығудан кейін жабындардың бетінде Cr2O3 және Al2O3 сияқты қорғаныш оксидтерінің түзілгенін көрсетті. Сонымен қатар Ni-Cr-Al негізіндегі градиентті жабынындағы Al2O3 фазасының шыңдары Ni-Cr-Al негізіндегі біртекті жабынымен салыстырғанда айқынырақ және қарқынды, бұл өз кезегінде градиентті жабынның тотығуға төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Кілтті сөздер: жоғары температуралы тотығу, 12Х1МФ қазандық болаты, градиентті жабын, Ni-Cr-Al жабыны, детонациялық бүрку.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call