Abstract

Түйін
 Солтүстік Қазақстанның қара топырақты аймағында өсірілген майлы дақыл арыштың танаптарында саңырауқұлақ тектес ауру түрлері ақ тат (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) және жалған ақ ұнтақ (Perenospora camelinae Gӓum) т.б анықталды. 2018-2020 жылдары жалған ақ ұнтақ пен ақ таттың дамуы 8,0%-17,0%-ды көрсетті. Сонымен қатар ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылған Экстрасол 2л/га биологиялық препараты мен Пиктор, 40% к.с 0,5 л/г фунгицидтік препаратының тиімділігі зерттелді.
 Жалған ақ ұнтаққа (Perenospora camelinae Gӓum) қарсы қолданылған Экстрасол 2л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 52,5%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 70,0%, ақ татқа (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) қарсы қолданылған Экстрасол 2л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 49,6%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 69,3% болды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call