Abstract

Мақалада әр түрлі мемлекеттердің көмір қабаттарынан шығатын метан мөлшері жайында, сонымен қатар әр елдің метан өндіру тәсілдері туралы қарастырылған. Әлемдегі көмір бассейндерінде шамамен 70 ел бар, олардың 40-тан астамында метанды қандай да бір жолмен алу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір елдер көмір қабаттарынан метан өндірудің әртүрлі технологияларын сәтті қолданады. Әлемнің 20-ға жуық елі метан өндіру үшін бұрғылауды белсенді қабылдайды және пайдаланады. Көмір метанының ең көп мөлшері Ресей, АҚШ, Қытай, Канада, Австралия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Польша, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және Украина аумағында орналасқан кен орындарында шоғырланған. Соның ішінде метанның ең көп зерттелген ресурстары әзірге АҚШ, Канада және Австралия мемлекеттерінде бар.
 Әлемнің әртүрлі елдерінде метанның геологиялық пайда болу жағдайларын талдай отырып, Қарағанды көмір бассейнінде бұл газды өндірудің экономикалық тиімділігі туралы айта аламыз. Басқа елдердің тәжірибесі көмір қабаттарының пайда болуының ұқсас жағдайында метан өндіруді көрсетеді.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call