Abstract

Мақалада білім беру ортасында адам құқықтарын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық реттеу механизмі ашылған және осы институттың негізгі ерекшеліктері қарастырылған. Білім беру саласындағы адам құқықтарын құқықтық бекітумен практикалық жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланып, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту жағдайында азаматтардың білім алуға конституциялық құқығын толыққанды және сапалы қамтамасыз етуді жүзеге асыру проблемаларын шешу жолдары ұсынылды. Танымның жалпы және арнайы ғылыми әдістері негізінде теориялық және эмпирикалық материалдарды талдау және жалпылау жүргізілген. Зерттеу нәтижесі білім беру ортасында адам құқықтарын нормативтік-құқықтық реттеудің даму үрдістерін анықтау және білім беру саласын-дағы заңнаманы одан әрі жаңғырту перспективаларын айқындау. Білім беру саласындағы адам құқықтары оқыту мен тәрбиелеудің кез келген түрімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адам құқықтарын жүзеге асырудың құқықтық тетіктерін қалыптастырады. Зерттеудің мақсаты — осы саладағы адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ортасында адам құқықтарын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім туралы заңнаманы жүйелі жаңғырту бойынша нақты ұсынымдарды қалыптастыру.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call