Abstract

Ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділік көрсеткіші - сапалы, жалпылама көрсеткіштік факторлар кешеніне тікелей қатысы бар. Өнімділік мәніне ауқымды әсеретуші табиғи-климаттық жағдайдан өзгеде егіншілік жұмыстары, өсіру жағдайлары және агротехника, ең маңызды көрсеткіш дақылдарды суғару жағдайларын айтуға болады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде майбұршақ сортүлгілерінің өнімділігі анықтау жылдарына табиғи-климаттық және әртүрлі суғару жағдайларына тура қатысы барлығы айқындалды. Біздің зерттеу жұмыстарымыз егістік және зерханалық жағдайларда жүргізілді. Дәстүрлі және тамшылатып егістік суғару жағдайларында майбұршақ сортүлгілерінің жалпы өнімділік және құрылымдық элементтері салыстырылды. Келесі зерттеу зертханалық жағдайда майбұршақ өсімдіктерінің өнімділік құрылымдары мен биометриялық есептеулері ауылшаруашылығы дақылдарының Мемлекеттік сортсынақ әдістемесі арқылы жүргізілді. Зерттеу жұмыстарына майбұршақтың Ивушка (st), Русия, Баян, Алуа, Алматы, Искра, Мисула, Зара, Жалпақсай, Роза сортүлгілері алынды. Аталған сортүлгілердің дәртүрлі және тамшылатып суғару жағдайларында өнімділік пен өнім құрылымдық элементтерінің салыстырмалы көрсеткіштерінің анықталды. Зерттеу нәтижесінде алынған сортүлгілер ішінде өнімділіктің және құрылымдық элементтерінің түрлі дәрежедегі көрсеткіштерге ие болуының бірден бір себебі ауа-райы және дәстүрлі мен тамшылатып суғару жағдайларына тікелей байланысты болды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call