Abstract

Мақалада трихлороктилсиланмен полиэтилентерефталатты (ПЭТФ) трек мембраналарының модификациясының оңтайлы жағдайлары зерттелді. Трихлороктилсиланның концентрациясына және реакция уақытына байланысты тректі мембрананың кеуек диаметрі мен шеткі сулану бұрышының өзгеру нәтижелері келтірілген. Концентрациясы 15 ммоль/л трихлороктилсиланмен 24 сағат бойы тректі мембрананы өндегенде мембрананың шеткі сулану бұрышының ең жоғары көрсеткіші (1000) анықталды. Алынған үлгілердің құрамындағы өзгерістер ИҚ-Фурье спектроскопиясымен сипатталды және газ өткізгіштікке сыналды. Май, су және органикалық еріткіштерді сүзуде сынақ хлороформ мен о-ксилол үшін жоғары өнімділік көрсетті (91,96мл/с*м2 дейін), май үшін максималды өнімділік 5,81мл/с*м2 құрады, ал су түрлендірілген мембранадан мүлдем өтпеді.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call