Abstract

Берілген мақалада беткі сулардың географиялық орта, жалпы қоршаған ортадағы маңызына назар аударылып, қазіргі таңда су ресурстарының антропогендік ластануы туралы айтылды. Мақалада Ақтөбе облысы Хромтау және Қарғалы аудандары территориясындағы беттік сулардың, нақты айтқанда осы екі ауданның басты су артериялары болып табылатын Ор және Қарғалы өзендерінің геоэкологиялық жағдайына шолу жасалынды. Аталып отырған өзендердің физикалық-географиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілді. Беткі сулардың геоэкологиялық жағдайы судың ластану индексі көрсеткішіне негізделе отырып анықталды. Су құрамындағы ластаушы заттар концентрациясын анықтау және судың ластану индексін есептеу мақсатында гидрохимиялық талдау жасалынды. Судың ластану индексінің есептелуі мен су сапасы кластарын жіктеудің әдісі келтірілді. Гидрохимиялық талдаулар нәтижесінде судың ластану индексіне байланысты өзен сулары су сапасы бойынша кластарға жіктелді. 2019-2020 жылдар аралығындағы гидрохимиялық талдау көрсеткіштері кесте ретінде берілді және зерттелген өзен беткі суларының талдау нәтижелері келтірілді. Беткі сулардың әрбір мезгіл үшін судың ластану индексі көрсеткіші мөлшері жоғары не төмен болуы түсіндірілді. Жасалған зерттеулерге негізделе отырып қазіргі таңда Ор және Қарғалы өзендері беткі суларының геоэкологиялық жағдайын оңтайландыру үшін іске асырылуы қажет іс-шаралар бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, мақалада физикалық карта мен зерттеулер жүргізілген кілттік нүктелер картасы берілген. Карталар ArcGIS 10.6.1. бағдарламалық жасақтамасы көмегімен жасалынды. Мақаланы жазуда далалық зерттеу әдісі, сипаттау әдісі, талдау әдісі, статистикалық әдісі, салыстырмалы-географиялық әдісі, картографиялық әдіс, геоақпараттық әдісі сияқты әдістер қолданылды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call