Abstract

Мақалада Орта Азияда ислам діні аясында сопылық тариқаттардың ілімі мен негізгі қағидалары қарастырылып, оның ішінде салыстырмалы түрде мұсылман қоғамында әйел-аналардың рөлі менорны зерттелген. Тариқаттардың негізін қалаушы ұстаздары және олардың бағыттарына тән негізгіұстанымдар жайында түсініктеме берілген. Сопылық тариқаттар философиясындағы жария, құпия зікір амалдары, ерлер мен әйелдердің қатысу тәсілдері қарастырылды. Сопылықта әйел мен еркек рухани жолда әрқашан тең болғандығы туралы сөз қозғалды. Әркім құдайлықпен өз байланысын орнатуы керек екендігін және әйелдердің бұл қасиеті бойынша еркектерден еш айырмашылығы жоқ екендігі туралы пайымдалды. Сонымен қатар, сопылық ілімінің таралуына әйел сопыларының ықпалы мен рөлі сараланды. Кейбір сопылық тариқаттарда әйелдер жоғары лауазымдарға ие бола алады және басқа әйелдерге рухани тәлімгер бола алатындығы зерделенді. Алайда, басқа тариқаттарда әйелдер өзмүмкіндіктерімен шектеліп, ерлер сияқты оқыту мен рухани басшылық дәрежесіне қол жеткізе алмауы мүмкіндігі тұжырымдалды. Ахмет Ясауи бабамыздың ілімімен қорытындыласақ, адам толерантты бола отырып, кемел болуына жыныс ерекшелігінің еш қатысы жоқ екендігін көруге болады. Қазіргі қазақ қоғамында әйелді кез келген саланың маманы ретінде елеулі жетістіктерге жеткенін көре аламыз.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call