Abstract

Қоғамдық инфрақұрылымды дамыту өз кезегінде жеке бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының әртүрлі нысандарын пайдалануды талап етеді. Осындай нысандардың қатарына мемлекеттік-жекешелік әріптестік кіреді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестицияларды тарту, бюджеттік ресурстарды үнемдеу, бәсекелестік пен кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру сияқты оң нәтижелер беріп, көптеген дамыған мемлекеттерде сәтті қолданылуына байланысты, оның реттелуі елдің нормативтік құқықтық актілерінде де өз орнын тапқан. Мәселен, қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының келтірген ақпаратына сәйкес, тек білім саласында ғана 2020 жылдың 1 маусымына дейін 786 мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік шарты жасалған. Бұл жасалған барлық шарттың 56 пайызын құрайды. Мақаланың мақсаты — мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі құқықтық нысандарын нормативтік-құқықтық реттеудің ерекшеліктерін талдау. Мақалада авторлар жарияжекешелік әріптестікті құқықтық реттеу қағидаларының мазмұнын жан-жақты зерттеген, тұжырымдаған және мәнісін ашқан. Аталған мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерде бар ұстанымдар талданып, олардың осы мәселе төңірегіндегі жаңаша ойлары қарастырылған. Халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар экономикасы өзара тығыз байланысқан ЕАЭО елдерінің нормативтік құқықтық актілері талданған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік институтының мәнін білдіретін бастапқы қағидаттар, ережелер сияқты қағидалар құқықтық реттеудің біркелкілігін қамтамасыз ету үшін заңнамалық тұрғыдан бекітілуі керек екендігі дәлелденді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құқықтық реттелу тетіктері ашылып, басқа елдердің тәжірибелерімен салыстырылып, артықшылықтары мен кемшіліктері ашылған.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.