Abstract

Бұл мақалада құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің негізінде дитиокарбамин қышқылы тұздарының және осы тұздардың әртүрлі органилгалогенидтермен әрекеттесуі, реакция механизмдері, қазіргі заманауи физика-химиялық әдістермен олардың құрылысы зерттелді.Сонымен, нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттер: (1-[(n-нитрофенил)-2-амино]-1,3-пропандиол және 2-(2-нитробензил)-1-фенил-2-аминоэтанол күкірт көміртегімен реакциясында калий гидроксиді немесе үшэтиламиннің қатысуымен жүргізіліп, дитиокарбамин қышқылдарының тұздарын түзеді, олар кейіннен әртүрлі алкилгалогенидтермен алкилденіп, бензой қышқылы хлоридтерімен ацилденеді. Нәтижесінде түзілген қосылыстардың құрылысы ИҚ- және ПМР-спектроскопия әдістерімен дәлелденді.Реакция барысында құрамында нитрофенилтобы бар 1,2-аминоспирттердің ацилдену реакцияларында әртүрлі реакциялық қабілетті көрсететіні анықталды. Бұл 1-[(n-нитрофенил)-2-амин]-1,3-пропандиолдың дитиокарбамин тұзының бензой қышқылының хлорангидридімен реакциясында анықталды. Синтез нәтижесінде күтілетін өнімді алуға мүмкін болмады. Нәтижесінде түзілген қосылыстың құрылысы кванттық химиялық талдау және рентгенқұрылымдық анализдің көмегімен дәлелденді.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call