Abstract
Мақалада Орталық Қазақстан қалаларының жасыл аумақтарына төзімді түрлі ағаштар мен бұталардыңарасында жерсіндіруге мүмкіншілік тудыратын жұпаргүлдер түрлері қарастырылған. Осы аумақтың қалаларын жасылдандыру үшін ағаш өсімдіктері мен бұталарының биоалуантүрлілігі өте маңызды екені, олардың қысқаша интродукциялану тарихы жарияланды. Зерттеу барысында авторлар жерсіндіруге арналған жұпаргүл түрлеріне (Амур жұпаргүлі (Syrínga amurénsis), Облата жұпаргүліне, (S.oblata), Үлпек жұпаргүліне (S. pubescens), Пекин жұпаргүліне (S.pekinensis) мониторинг жүргізу ережелерін ұсынды. Олардың таксациялық көрсеткіштері 50,0; 86,4; 23,3; 71,7 пайызды құрайды. Осы түрлердің ішінде Ақмола облысындағы аумақта морфологиялық бейімделуі Облата (86,4) жəне Пекин (71,7) жұпаргүлдерінде қарқынды. Өсімдіктердегі интродукция қарқындылығын бағалауға фотосинтездің белсенділігі анықталды. Облата жұпаргүлінде(0,75 мкг/г) фотосинтетикалық белсенділіктің біршама төмендігі байқалған, басқа жұпаргүлдердің үшеуінде де жоғарылау (0,78 мкг/г). Зерттелген Syringеa түрлерінде ауыр металдардың арасында кадмий, қорғасын Амур жұпаргүлі жапырағында басқаларға қарағанда 2,5 есеге дейін жоғары болды. Темір өте жоғары деңгейде Амуржұпаргүлінде жинақталып (3833,69 мкг/г), шектеулі рауалы концентрациядан(ШРК) 13 есе артқан. Мыс мөлшері Облата жұпаргүлінде ШРК-дан1,1 есе жоғары. Мырыш мөлшері барлық зерттеу өсімдіктерінде бірдей, көрсеткіштері ШРК-дан аспайды. Cu жəнеFe жұпаргүл жапырақтары ШРК-дан көп жинайтыны байқалды. Аккумуляциялық қасиеті Жоғары Амур жұпаргүлі, себебі ол ең улы ауырметалдарды интенсивті сіңіретінін байқатты. Қорытындылай келе, ауыр металдар əр өсімдік түрінде əртүрлі концентрацияда жинақталады.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
More From: Bulletin of the Karaganda University “Biology medicine geography Series”
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.