Abstract

Зерттеудің мақсаты блокчейн технологиясының негізінде электрондық сауданы іске асыруға байланысты смарт-келісімшарттарға қол қою мен мұндай келісімшарттар жасауда ЭЦҚ арқылы қол қою мен дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етудің проблемалық аспектілерін талдау. Мақалада электрондық шарттарды мемлекеттік тіркеуге және дербес деректерді қорғауға байланысты республикамыздағы электрондық сауданы дамытуда бүгінгі күні байқалатын негізгі үрдістер мен проблемалары қарастырылған. Зерттеу әдістері ретінде талдау және синтездеу, тарихи, формальды-логикалық сияқты ғылыми ізденістің жалпы әдістерімен қатар, салыстырмалы-құқықтық зерттеу, модельдеу сияқты жеке әдістері де қолданылды. Айтар болсақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу, «блокчейн» технологиясы арқылы ЭЦҚ-ны қолдануда дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етудің қызметтері талданып, моделі әзірленді. Зерттеу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді: а) блокчейн технологиясының механизмі зерделеніп және оны қолдануда туындайтын қоғамдық қатынастардың осы саласын құқықтық реттеудегі объективті қиындықтары анықталды; ә) Қазақстан Республикасының электронды нысандағы мәмілелерді жасау мен орындауды реттейтін негізгі нормативтік актілері талданды; б) жылжымайтын мүлікті тіркеуде блокчейн технологиясын қолданудың шетелдік тәжірибесі зерделенді; в) Қазақстандағы сандық технологияларды құқықтық реттеу талданып, смарткелісімшарттың тұжырымдамасы айқындалды; г) смарт-келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшеліктері айқындалды; д) ЭЦҚ-ны қолдануда дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету кезінде негізгі проблемалық аспектілер зерттелді. Мақаланың қорытындысында осы процестерді заңнамалық реттеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерге, соның ішінде «жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу ұсынылған.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call