Abstract

«Жаңа норма» әдетте дағдарыстан кейін орын алатын жағдай ретінде қарастырылып келсе, пандемия қоғамды жайлаған кезде денсаулық сақтау және емдеу жүйелері, экономикалық өмір, мәдениет, әлеуметтік-экономикалық таптық құрылымдар мен нәсілдік қатынастар, іргелі институционалдық тетіктер, қауымдастықтар мен күнделікті отбасылық өмір сияқты маңызды құрылымдардың қалыпты жағдайын бұзды. Оған жаһандық деңгейде енгізілген ереже нормаларға қарап баға беруге болады. СOVID-19 пандемиясы әлеуметтік жағдайлардың салдарынан ғана емес, күнделікті өмір салтымызда, мәдениетімізде де «жаңа норманың» қалыптасатынын көрсетті. Мұны 2020 жылдан бері қалыптасқан кейбір дағдыларға қарап анықтауға мүмкіндік туады. Мақалада «жаңа норма» анықтамасына зерттеу жасалынып, «жаңа норма» бойынша әртүрлі өзгеріске ұшыраған жағдайларға болжамдар көрсетілген. СOVID-19 пандемиясы жағдайында қалыптасқан қоғамдық нормаларға сипаттама шолу берілген, жалпылама талдау жасалған. Авторлар қашықтықтан жұмыс істеуге кәсіби дайындықтың мәселелерін, атап айтсақ, кеңседен тыс жұмыс істеудің техникалық дағдыларын, қызметкерлердің цифрлық сауаттылығы және өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдірудің маңыздылығын атап өткен. Пандемия кезінде цифрлық сауаттылықтың өсуіне назар аударылған. Көптеген компания қызметкерлерінің карантин кезеңінде бейнеконференцияны, топтық жұмыс чаттарын, жобаны басқару жүйелерін, бұлтты қызметтерді және тағы басқа цифрлық дағдыларды сәтті игергені туралы айтылған. Мұның бәрі қосымша жұмыспен қамтуды дамытудың маңызды алғышарты екендігіне мән беріледі (фрелансинг, қосымша жұмыс, қашықтан оқыту). Сондай-ақ, қызметкерлердің қашықтықтан жұмыспен қамтуды жалғастыруы нәтижесінде қандай оң және теріс салдар қалыптасқанына салыстырмалы талдау жүргізілген.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call