Abstract

Семей ядролық полигоны — бұл әлемдегі ядролық қаруды сынаудың ең ірі полигондарының бірі. Семей полигонының 40 жылдай уақыт аралығындағы қызметі Кеңес Одағының қару жарақ жарысы тарихының бір кезеңі саналады. Өкінішке орай, Семей полигонының тарихы отандық тарихнамада тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырылмаған, ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Мұның негізгі себептерінің бірі — архив құжаттарына деген қолжетімділіктің болмауы және олардың қатаң құпия түрінде сақталуы. Сондықтан, қазіргі уақытта Семей ядролық полигонына қатысты жаңа архивқұжаттарын қолдану арқылы ғылыми жұмыстарды басып шығарудың қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, Семейдегі ядролық сынақтар су және жер ресурстарының зақымдануына алып келді, экономика масштабының қысқаруына, әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуіне ықпал еткені белгілі. Сондықтан, қазіргі уақытта халықтық өмірлік қуатын және аймақтың өмірлік кеңістігін сауықтыру үшін әлеуметтік қорғау жүйесін құру өзекті саналады. Осы себептен, мақалада Семей полигонының құрылу тарихы және 1949–1989 жылдар аралығындағы ядролық қаруды сынаудың салдарықарастырылған.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.