Abstract

Топырақ эрозиясын зерттеуде ең тиімді әдістерінің бірі рельефті морфометриялық талдау болып табылады. Аталмыш әдісте негізгі ақпарат көздері болып ірі масштабты топографиялық карталар, далалық аспаптық түсірілімдердің мәліметтері, сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау деректері рельефті цифрлық үлгілеу кезіндегі басты мәлімет көздері болып табылады. ГАЖ технологиялары мен рельефтің сандық модельдерін қолдану рельефтің маңызды морфометриялық көрсеткіштерінің тақырыптық карталарын жасауға мүмкіндік береді. Бірақ морфометриялық талдаудың ауқымы тек геоморфологиямен ғана шектелмейді, оның қолдану аясы анағұрлым кеңірек, атап айтқанда, әртүрлі геоэкологиялық, топырақ эрозиясын зерттеу мәселелерді шешу үшін қолданылады. Бұл мақалада Аlos Polsar Dem 12,5 m рельефінің сандық моделін қолдана отырып, келешекте топырақ эрозиясын бағалауда негіз болатын ССП рельефіне морфометриялық талдау жасалып, оның негізінде мынадай модельделді карталар жасалды: гипсометриялық карта, көлбеу бұрыштар мен беткейлердің экспозициялары.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call