Abstract

Білім беру үдерісін цифрлық түрлендіру жағдайында мұғалімнің желілік коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта білім беруде өте өзекті болып отырған маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Сонымен қатар болашақ мұғалімдердің желілік коммуникативтік мәдениетін жетілдірудің педагогикалық негіздері зерттелген. Мақалада желілік коммуникативтік мәдениеттің өзгеріске ұшырауы, қарым-қатынас тілі мен стилінің өзгерісі жөнінде, қазіргі өмірдің жылдам қарқынына сәйкес келетін қарым-қатынастың жаңа формалары мен арналарының пайда болуы туралы айтылған, бұл көп нәрсені алмасуға мүмкіндік береді. Яғни ақпарат алу, жылдам кері байланыс алу, нәтижелі диалог пен ынтымақтастық құру. Осылайша, дамып келе жатқан желілік коммуникативтік мәдениет трансформациялық процестерді түсінуді, қоғамның цифрлық трансформациясының жаңа жағдайында оның даму деңгейін бағалаудың қолданыстағы үлгілері мен критерийлерін әзірлеуді талап етеді. Қазіргі кезде болашақ мұғалімдердің желілік коммуникативтік мәдениетін дамытуда тек сыртқы факторлар жүйесінің әсер етуінен емес, сонымен қатар өзін-өзі дамыту әдістемесі арқылы да іске асыруға болады. Педагогикада білім беру өнімділігінің дәрежесі оқу-танымдық іс-әрекеттің белсенділік деңгейіне тікелей байланысты.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call