Abstract

Мақалада цифрлық қоғамдағы тұлға болмысы, оның ерекшеліктері және жауапкершілік мәселесі қарастырылған. Цифрлық қоғамдағы тұлға трансформациясы, ақпараттық этика құрылымы, жауапкершілік ұғымы Э. Тоффлер, М. Маклюэн, Д. Белл, Л. Флориди, Р. Капурро, Р. Брейдің еңбектерін негізге ала отырып тұжырымдалды. Ақпараттық технологиялардың, желілік байланыстың дамуы нәтижесінде қалыптасқан тұлға ерекшеліктері мақалада айқындалған. Күннен күнге қарыштап дамып жатқан цифрлық әлемде ақпарат таратуға қатысты күрделі, этикалық мәселелер пайда болды. Олар азаматтардың ақпаратты қабылдау мен таратудағы жауапкершілігімен және міндетімен байланысты. Моральдық жауапкершілік қана емес, ақпараттық қауіпсіздік те өзекті мәселеге айналып отыр. Авторлар қазіргі цифрлық әлемде ақпараттық қауіпсіздік тек заңнамалық мәселе ғана емес, тұтас қоғамның тыныс-тіршілігіне әсер ететін әлеуметтік-философиялық мәселе екеніне назар аударған. Сонымен қатар, цифрлық қоғамға тән негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар тұжырымдалып, ақпараттық қоғамдағы этикалық мәселеге қатысты зерттеулердің негізіндеақпараттық жауапкершіліктің мәні мен маңыздылығы және оны зерттеудегі қалыптасқан көзқарастарға талдау жасалды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call