Abstract

Серпентинит минералдар тобының өкілі – хризотил мен күкірт қышқылының арасындағы өзара әрекеттесулері зерттелді. Хризотил құрамындағы магнийдің мөлшеріне (моль) қатысты есептелген күкірт қышқылының стехиометриялық қажетті мөлшері (СҚМ H2SO4) бар, (0,1-1,0) СҚМ H2SO4 аралығындағы ерітінділермен хризотил-асбестің (ХА) (А-4-20 маркалы) арасында жүретін өзара әрекеттесулер, реакциялар өнімдерін химиялық және рентгенофазалық талдаулардың нәтижелерін қолданумен талқыланды. Хризотил-асбест және күкірт қышқылы арасында жүретін стехиометриялық мөлшерлік әрекеттесуінің зерттеу нәтижелерін магнийдің ерітіндіге өту дәрежесінің еру үрдісі барысында, талшық бет қабаттарында пайда болатын поликремний қышқылдарының бірігуінен туындайтын аморфты қабаттардың түзілуіне байланысты болатындығы көрсетілді. Алынатын қышқыл мөлшері (СҚМ H2SO4) мен хризотил-асбест құрамында магний мөлшерінің қатынасы (1:1) болғанда, ерітіндіге өтетін Mg2+-дің максималды мөлшерінің шығымы 70%-дан аспайды

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.