Abstract

Бұл мақалада уран өндіру барысында түзілетін айналымдағы ерітінділерді полимерлі флокулянттармен тазалау әдісі қарастырылған. «Ирколь» кенішіндегі (Семізбай-U, ЖШС) уран өндірудегі кең көлемде қышқылды қайтарымды ерітінділердің түзілуі, оларды тазарту технологияларын жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Уран минералдарын кендерден қышқылды немесе сілтілі әдістер арқылы сілтілендіру технологиясымен алынады. Өз кезегінде бұл қайтарымды ерітінділер резервуарларда тұндырылынып қайта пайдалануға, яғни уран алутехнологиялық цикліне қайта уранды ерітуге қолданылады. Зерттеу барысында D8 Advance (Bruker) рентгендік фазалық аппаратында қайтарымды ерітінділердің құрамына элементтік талдау жасалып, олардың полимерлі флокулянттармен әрекеттесуі анықталған. Қайтарымды ерітінді үлгісінің құрғақ қалдығының негізгі компоненттері кварц (92%) және басқа кремний қосылыстары болып табылатынын көрсетті. Темірдің, алюминийдің, кальцийдің, магнийдің және калийдің еріген тұздары (негізінен сульфаттары)және олардың гидроксидтері де кездесетіні байқалады.Мақалада озық аналитикалық құрылғылар, соның ішінде атомды адсорбциялық, рентгенофазалық, рентгендік спектрлік әдістер мен аппараттар, бөлшектің өлшемін анықтай алатын QicPicLyxell аппараты қолданылған. Полимерлі флокулянттардың қайтарымды ерітінділердегі дисперсті коллоидты қосылыстарды жойып, оның тазаруына мүмкіндік беретіні көрсетілген. Шөгуі төмен суспензия бөлшектерінің тез бөлінуін жеделдету мақсатында тазарту процестері қарастырылған. Полимерлі флокулянттардың табиғатына және дозасына байланысты қайтарымды ерітінділерді қаншалықты тазалау тәуелділіктері мен мүмкіндіктері қарастырылған. Полимерлі флокулянттардың флокула түзілу процесі немесе флокуляция арқылы ірі бөлшектердің пайда болуы QicPicLyxell аппаратында зерттелген. Ірі бөлшектердің неғұрлым көптеп түзілуі қайтарымды ерітінділердің жоғары деңгейде тазалануына алып келетіндіктері көрсетілген.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.