Abstract

Металлургияның бір саласы болып табылатын титан-магний өндірісінің бірқатар технологиялық кезеңдері айтарлықтай жылу шығарумен сипатталады. Көптеген зерттеулер микроклиматтың адам ағзасына жағымсыз әсерін көрсетеді. Жоғары ауа температурасы және қарқынды сәулелену термореттелудің, орталық жүйке жүйесінің және жүйке-бұлшықет аппаратының едәуір кернеуін тудырады. Қыздырушы микроклимат әсіресе қарқынды бұлшықет жұмысы мен жүйке-эмоциялық стресс кезінде өндірістік шудың ғана емес, сонымен қатар ауадағы зиянды газдар мен улы заттардың теріс әсерін күшейтеді. Титан-магний өндірісінде еңбек іс-әрекеттері жоғары температура, жылу, шаң және газ бөлу жағдайларында іске асырылады. Бір ауысымда жұмысшылар уақыттың 70% еңбек операцияларын іске асыруға жұмсайды. Электролизерлерге карналлиттің сусыз құймасы құйылады. Мұнда электролизшілер-реттегіштер, электролизшілер-вакуумшылар, анодшылар, хлорлаушылар жұмыс істейді, олар құйманы құю барысында 1,5-2,0 метр қашықтықта тұрғанымен, сәулелі жылудың, магний аэрозольдерінің, оның оксидтерінің, магний хлоридінің әсеріне ұшырайды. Операция айтарлықтай физикалық күш жігерді қажет етеді. Титан-магний өндірісінің негізгі цехтарындағы ауа ортасын гигиеналық зерттеу негізгі цехтардың жұмыс аймақтарының ауасында күкірт газы, сутегі хлориді, магний хлориді си-яқты улы химиялық заттардың бар екені белгілі болды. Аталмыш заттардың концентрациясы рұқсат етілген деңгейден ондаған есе көп. Әдебиет көздерінде магний мен титан өндірісінің зиянды компоненттерінің және олардың қосылыстарының ағзаға әсері туралы еңбектер санаулы. Титан мен магний өндірісіндегі еңбек жағдайлары жұмысшылардың денсаулығына теріс әсер етеді. Жетекші кәсіп жұмысшыларында тыныс алу мүшелерінде (созылмалы уытты бронхит, созылмалы шаңды бронхит, пневмокониоз, бронхиолит, уытты бронхопневмосклероз), сондай-ақ жүйке жүйесінде (астеновегативті синдром, дисциркуляторлық энцефалопатия), сүйек-бұлшықет жүйесінде (мойын және бел остеохондрозы, артроз және т.б.) кәсіби сипаттағы өзгерістер дамиды. Жұмысшыларда тұмау, жоғарғы тыныс жолдарының жедел катаралды ауруы, баспа, жедел және созылмалы сипаттағы асқазан мен ішек аурулары, невралгия, радикулит, артрит, фурункулдар, карбункулалар, экзема, дерматит, миозит сияқты спецификалық емес аурулар жиі кездеседі.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.