Abstract

Мақала мұнай өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін арттыру мақсатында қолданылған қондырғының жұмысына арналған. Құбыр желілерімен тасымалдау үшін жоғары тұтқырлы жəне жоғары парафинді майларға механикалық əсерімен байланысты майларды дайындау əдістері қазіргі таңда мұнай өңдеу зауыттарының өзекті мəселесі болып табылады. Əдістердің ішіндегі ең дамығаны электргидроимпульстік разрядтар əдісі болып табылады, ол күрделі құрылым бөлшектерінің өлшемдері мен формасын өзгерту арқылы майлы дисперсті жүйенің қасиеттерін реттеп отыруға мүмкіндік береді. Экологиялық таза синтетикалық сұйық отынды өндіруді жасау жоғары тұтқырлы мұнайды өңдеудің технологиялық үрдістерін жетілдіруді жобалайды. Мұндай міндетті шешу үшін берілетін мұнайдың физика-химиялық сипаттамаларын арттыру үшін мұнай құбыры арнасында электргидроимпульсті өңдеудің үшэлектродты жүйесі қолданылды жəне келесі факторларда: Х1 — өңдеу уақыты; Х2 — конденсатор батареясының сыйымдылығы; Х3 — разрядаралық ұзындық, Х4 — қосылатын шапшаңдатқыш мөлшері; Х5 — қосылатын сутегі доноры тəжірибе жұмыстары орындалды. Тəжірибелердің мəліметтері мақалада келтірілген. Жұмыстарды жоғары тұтқырлы көмірсу қосылыстарындағы əртүрлі кластағы қосылыстар үшін жүргізу қажет. Көмірсу қосылыстарының органикалық массасының өзгеріс механизмдерін тереңінен зерттеу жаңа жоғарытиімді гидрлеу үрдістерін өңдеуде негізгі талап болып табылады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call