Abstract
Мақаланың мақсаты Сыр өңірі жастарының мәдени құндылықтар құбылысының өзекті мәселелерін, құндылықтарға деген көзқарастарын әлеуметтік сауалнама алу арқылы талдап, ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыру. Талдау жасау арқылы қорытынды тұжырымдар жасалып, этноәлеуметтік кеңістіктегі күрделі құбылыстарға сыни баға беріледі. Сондықтан мәдени құндылық мәселесіне әлеуметтік сауалнама алу тұрғысынан ғылыми мағынада маңыздылық беріліп, оны қарастыруда өзіндік ерекшеліктерін, мәселенің түйткілді қырларын әлеуметтік-философиялық сараптаудың өзіндік ғылыми зерттеу қадамдары жасалды. Сыр өңірінде мәдени құндылықтар ерекше маңызға ие, олардың мәдени-антропологиялық сараптамасы Қазақстанды жаңғыртудағы этникалық сәйкестіктің әлеуметтік-мәдени модельдерінің басты бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы мақалада мәдени құндылықтардың мәнін зерттеуде әлеуметтік сауалнама алу мәдени-антропологиялық көзқарасты негіздеу мәселесі ретінде мәдени құндылықтардың маңызы, Сыр өңірі жастарының мәдени құндылық бағдарларын және олардың мінез-құлқының қалыптасуындағы ролі қарастырылады. Олардың құндылық бағдарларының қалыптасуына аймақтық мәдениет өзіндік әсерін береді. Мақалада авторлар заманауи қоғамның мәдени-антропологиялық тәсілі ретінде жастардың бойындағы мәдени құндылықтарды қалыптастыру мәселесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Бұл тәсіл құндылықтар мен құндылық бағдарларының адамның мінез-құлығына, қоғамдық қарым-қатынасқа әсерін зерттеуге мүмкіндік береді.Түйін сөздер: ұлттық бірегейлік, құндылық, сауалнама, студент, мәдениет.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
More From: Journal of Philosophy, Culture and Political Science
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.