Abstract

Мақалада екі этностық топ, яғни студент қыздардың физикалық дамуын индекстер арқылы бағалаудың салыстырмалы зерттеу материалдары берілген. Физикалық даму тек жас ұрпақтың ғана емес, сонымен қатар жалпы халықтың денсаулығының маңызды индикаторларының бірі болып табылады. Физикалық даму индекстері— жеке антропометриялық белгілердің арақатынасынкөрсетеді, бұл оларды халықты жаппай зерттеу кезінде физикалық дамуды шамамен бағалау үшін, сондай-ақ əртүрлі қоршаған орта факторларының ағзаға əсерін талдау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде оқитын 17–20 жасаралығындағы 336 студент-қыздар қатысты. Зерттеулер негізгі биоэтикалық ережелерге сəйкес жүргізілді. Барлық зерттеулер сессия аралық кезеңде өткізілді. Күннің бірінші жартысында орындалды. Зерттелушілер ұлтына байланысты екі топқа бөлінді: бірінші топта қазақ ұлтының, екінші топта— славян ұлтының студент қыздары. Зерттелген топтарда негізгі антропометриялық (дене ұзындығы, салмағы, кеуде қуысының шеңбері), физиометриялық параметрлер(өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолдың күші, қан қысымы), антропометрлік (Кетле, Пинье, Мануврие) жəне функционалдық индекстері (Робинсон, Скибинский, өмірлік жəне динамометриялық индекстер) анықталды. Зерттелген екі топтың арасында негізгі антропометриялық көрсеткіштерде, Мануврие индексі мен өмірлік индексі бойынша айқын айырмашылықтар байқалды. Анықталған екінші топтағы студент қыздардың орташа топтық көрсеткіштерінің жоғары болуы— ағзаның морфофункционалды ерекшеліктерінің генетикалық бейімділігіне байланысты болды.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.