Abstract

Мақалада әртүрлі мөлшерде қоспалары бар қозғалтқыш майының тұтқырлық және адиабаталық сығылғыштық коэффициенттерінің атмосфералық қысымдағы температураға тәуелділіктері Стокс және акустикалық әдіспен зерттелген. Парафині бар мұнай өнімдері өндіріс орындарында, техникаларда, медицинада жиі қолданылатындықтан, олардың физикалық қасиеттеріне сыртқы параметрлердің әсерін зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор болғандықтан қазіргі таңда өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Құрамында 10%, 40% парафині бар қозғалтқыш майы 300-360 К температура аралығында алғаш рет зерттеліп отыр. Эксперименталдық өлшеулер мен теориялық есептеулерден алынған нәтижелер кестелер мен графиктер арқылы өрнектелген. Зерттелген үлгілердің температурасы реттегіштен, айнымалы тоқ көзінен және мыс-константан терможұбымен тұратын жүйенің көмегімен автоматты түрде әрбір 10 К температура сайын өлшеніліп отырылды. Ал, үлгідегі қорғасын шардың жылдамдығы оның жүріп өткен жолына кеткен уақытты электрондық секундомермен өлшеп, есептеу арқылы анықталды. Қоспадағы серпімді толқын жылдамдығын импульстік ультрадыбысты жүйені пайдаланып есептелді.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.