ЖАНТАҚ ЖӘНЕ ТҮЙМЕШЕТЕН ГИДРОЛАТТАРЫНЫҢ КОЛЛОИДТЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Кіріспе: Қазіргі кезде əлемде косметика өнеркəсібінің аса қарқынды дамуы байқалуда жəне көптеген адамдар косметиканың сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Гидролаттар пайдалы қасиеттері мен табиғи шығу тегіне байланысты косметиканың ең танымал ингредиенттерінің бірі болып табылады. Жұмыстың мақсаты отандық шикізат түймешетен мен жантақ өсімдіктерінен гидролаттардың коллоидтық- химиялық қасиеттерін зерттеу және косметикалық өнімдер алу. Зерттеу нысаны отандық түймешетен мен жантақ гидролаты. Нәтижесінде елімізде өсетін жантақ пен түймешетеннен гидролаттар алынып және олардың беттік керілу, жуғыштық, эмульсиялау қасиеттері зерттелді. Зерттеулер нәтижесінде жантақ пен түймешетен гидролаттарында беттік белсенді заттардың бар екені, жұғу қасиеттерін зерттеу олардың гидрофильділігі артып, жақсы жұғатынын көрсетті. Бұл қасиеттерден гидролаттарды косметикалық өнімдерде қолдануға болатынын білдік. Гидролаттарды негізге ала отырып, алғаш рет косметикалық өнімдер – бетке арналған гель, гидрогель алынды. Қорытынды: Өсімдік гидролаттарының газ-сұйық фазалық шекарадағы коллоидты-химиялық қасиеттері зерттелді. Гидролаттардың құрамында беттік активті заттардың бар екенін, жақсы жұғу қабілеті яғни ылғалдандырғыш қасиет қабілетті екені анықталды. Гидролаттардың бәрінің эмульгирлеу қабілеті бірдей. Анықталған нәтижелер негізінде гидролаттарды косметикалық өнімдер құрамына қолдануға мүмкіндік бар екенін көрсетті.
- Ask R Discovery
- Chat PDF
AI summaries and top papers from 250M+ research sources.